Қазақстандық стартап танымал америкалық инвестордан қолдау тапты

Ulysmedia

Citix компаниясы әйгілі американдық инвестор Тим Дрейперден инвестиция тартылғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Магжана Магдиевтің Facebook парақшасынан

Citix компаниясының негізін қалаушы Яна Шойбекова болашағынан зор үміт күттіретін белсенді IT-кәсіпкерлердің бірі.

Жақында Digital Bridge-де Тим Дрейпер Астанаға арнайы келіп, IT-қоғамдастықпен бірқатар сессиялар мен кездесулер өткізді. Бұл – Яна сияқты кәсіпкерлерге өз идеясын сатуға мүмкіндік берді.

Тим Дрейпер – АҚШ-тағы венчурлық бизнестің бастамашыларының бірі. Дамудың бастапқы және ерте кезеңдерінде технологиялық компанияларға венчурлық инвестициялаудың әлемдік көшбасшысы болып табылатын Draper Fisher Jurvetson (DFJ) венчурлық компаниясының негізін қалаушы.