Алматы әуежайының ұшу жолағында ұшақ пен көлік апаты болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
22 қазан күні түнде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұшақ пен автокөлік соқтығысты. Әуе лайнері FlyJet KZ жекеменшік компаниясына тиесілі.
Фото: Denis Krivosheyev
«ҚР қылмыстық кодексінің 344 бабы 1 бөлігі бойынша (ұшақты пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Алматының көліктегі полиция департаменті.
Фото: Denis Krivosheyev
Зардап шеккендер жоқ.
Flightradar24.com сайтының мәліметінше, Mitsubishi CRJ-200ER ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 6:43-те Бакудан ұшып келген. Әуе лайнерінің бағасы $20 миллионға бағаланып отыр. Оны жөндеп, қалпына келтіру қанша тұратыны әлі белгісіз.