Кентаудағы апат - министрлік жөнделді десе, тұрғындар жылудың жоқтығына шағымдануда

Оралхан Қожанов

Кентау тұрғындары қалада апат болып, жарықсыз және жылусыз қалғанын айтып шағымданды. Белгілі болғандай, қаладағы төрт қазандықтың барлығы істен шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Otyrar

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, қатты дауылды желдің салдарынан Кентау қаласындағы жылу орталығына келетін негізгі және резервті электр желілері өшкен.

“Салдарынан №5 жылу орталығының жұмысы тоқтап, қысқа уақыт ішінде электр энергиясы қайта қосылды. Қазіргі таңда орталықтың 4 қазандығы іске қосылып, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда", - деп атап өтті әкімдік.

Бұл апатқа байланысты энергетика министрлігі де ақпарат берді. 

“13 желтоқсанда сағат 20:16-да Кентау қаласындағы ЖЭО-да электр желісімен байланыс электр беру желілері ажыратылған кезде барлық төрт қазандық ажыратылды. Режим сағат 20:34-те қалпына келтірілді. Жылу желісі кесте бойынша 70/45 градусқа тең. Негзі параметр 68/44 градус болуы керек.

№5, 6, 7 және 12 қазандықтар толығымен жөнделді. Ал №8 және 11 қазандықтарды жөндеу 58% аяқталды”, – делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар 20 қарашада аяқталуы тиіс-тін. Іс жүзінде 20 желтоқсанда ретке келтіріледі деп күтілуде.

№9 және 10 қазандықтарды жөндеу 50% аяқталған. Бұл қазандықтар 30 қарашада реттелуі керек еді, кестеге сай жұмыстардың аяқталуы 2024 жылдың 30 наурызына шегерілген.

Тұрғындар болса, үйлері айтарлықтай салқындап кеткенін алға тартып отыр. Қазандықтар жөнделсе де, жылуға жарымай отырғандарын жеткізді.