Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соғысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Белгілі болғандай, «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына бара жатқан. Қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды.
Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.