Қазақстанда 10 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ulysmedia

Пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін бұза отырып берілген 10 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Тиісті жұмыстар 2022-2023 жылдар аралығында жүргізілген.

"Қайтарылған жерлер аграрийлердің игілігіне беріліп, тиісті елді мекендерге бекіту арқылы үлестіріледі", - делінген хабарламада.

Ел билігі жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы үнемі есеп бере отырып, нақты қандай учаскелер туралы және олар бұрын кімге тиесілі екенін нақтыламайтынын байқаймыз. Бұл ретте, халық жер мәселесінде ашықтық керек екенін жиі айтады.

Бұған дейін қоғам белсендісі Алмасбек Садырбаев Ulysmedia алаңына келіп, бұл мәселеге қатысты орамды ойларын ортаға салған еді.