Атырау облысында 29 жастағы жүкті әйел ауруханада қайтыс болды

Оралхан Қожанов

Атырау облысында келіншек жүктіліктің 36 аптасында көз жұмды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

29 жастағы әйел 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Артында бір жастағы баласы қалып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр.

Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болмақ.