Шорт-трек: Денис Никиша әлем кубогінде қола алды

Оралхан Қожанов

Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогінде шорт-тректен алғашқы медаль түсті. Аталған сында шорт-трекші Денис Никиша үздік үштіктен табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Olympic.kz

Сеулде өткен әлем кубогі кезеңінде 500 метрлік сында отандасымыз қола медаль қанжығалады. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525. 

Осы қашықтықта алтын қытайлық Лю Шаоангке бұйырса, Оңтүстік Корея спортшысы күміспен күптелді. 

Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша Қазақстан командасының мүшелерімен бірге Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің қола медалін жеңіп алған еді.