Шымкентте көпқабатты үйден өрт шықты

Оралхан Қожанов

Шымкентте көпқабатты үйдегі өртке байланысты 50-ден астам адам өз бетінше эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Владимир Федоренко

Шымкент тұрғындары оқиға орнында түсірілген видеоны әлеуметтік желіде таратты.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттің Тұран ауданында болғанын хабарлады.

Сағат 14:10-да өрт туралы хабар түскен.

"Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй мен лоджия өртенді. Өрт 14:48-де сөндірілді. Екі адам баспалдақ арқылы құтқарылды, 50 адам баспалдақпен өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД.