Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 8:30 шамасында Құрылыс кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында орын алды.Toyota Alphard және Volvo жүк көлігі соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota жолаушылары – ер адам және 2007 жылы туған екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының білім басқармасының хабарлауынша, қаза тапқандар – республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға жіберілген екі оқушы мен бір педагог.