АҚШ Украинаға екі жылда 5200-ден астам танк пен брондалған техника берген

Оралхан Қожанов

Вашингтон Украинадағы қақтығысты ұзарту саясатын ұстанып отыр, деп мәлімдеді Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы Валерий Герасимов. Ресей тарапы Вашингтонды айыптап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kzРИА Новости сайтына сілтеме жасап.

U.S. Army

"Бүгінде Вашингтон украиналық қақтығысты ұзарту саясатын ұстанып отыр. Осы мақсатта Украинаға айтарлықтай үлкен көлемде әскери және әскери-техникалық көмек жіберіліп жатыр", - деді Герасимов.

Оның айтуынша, 2022 жылдың ақпан айынан бері Украинаға 5200-ден астам танк пен брондалған тасымалдаушы техника, 1300-ден астам дала артиллериясы, 200 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе, 23 мыңнан астам танкке қарсы зымыран кешені, 1200 зениттік зымыран кешені мен қондырғы, 100-ден астам ұшақ пен тікұшақ, 23 мың пилотсыз ұшатын аппарат, сондай-ақ үлкен көлемде әртүрлі үлгідегі оқ-дәрі жеткізілген.

"100 мыңға жуық украиналық әскери қызметкер АҚШ пен Еуропада даярлықтан өтті", - деді Герасимов.