Биыл 11 айда Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 687 100 теңге болатын 195 жасанды банкнотты (193 банкнот және екі монета) анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (200 жасанды банкнот) 2,5%-ға аз.
"Көбіне номиналы 5 000 теңгелік банкноттар қолдан жасалған – 68 дана, бұл жалпы көлемнің 35,2%-ын құрады. Одан кейін 2000 теңгелік – 62 дана (32,1%), 500 теңгелік – 26 дана (135,5) жалған ақшалар анықталды, қалған 19,2% басқа банкноттардың үлесіне тиесілі", – дейді Қазақстан Ұлттық банкінің банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев.
Ең көп жасанды банкнот Алматы қаласы мен Алматы облысында – 157 дана (80,5%), сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында – 15 дана (7,7%) тіркелген.