"Жаңаөзен мен Қаңтардағы" шындықты ашуды талап еткен белсенділер 15 тәулікке қамалды

Ulysmedia

Oyan, Qazaqstan белсенділері Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алмас Қайсар

Олар ӘҚБтК-нің 488-бабы "ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу" бойынша жазаланды.

16 желтоқсанда белсенділер Алматындағы Республика алаңына шығып, 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғалар мен 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар туралы шындықты ашуды талап еткен болатын.

Сол күні белсенді Әсем Жапишева қаңтар кезінде қаза тапқандар жайлы, сондай-ақ Желтоқсан (1986 жыл) және Жаңаөзендегі оқиғалар туралы ойын ашық айтқан еді.

Тәртіп сақшылары бірнеше рет алаңнан кетуді талап етті.

Равкат Мұхтаров өткен сайлауда Алматы мәслихатының депутаттығына кандидат болған еске салған жөн. Азаматтық белсенді ресми деректер бойынша №7 округте 923 дауыс жинады (мұнда AMANAT партиясынан Алтынай Көбеева жеңімпаз болып танылды).