Қазақстан халықаралық деңгейде қанша компаниямен соттасып жатыр

Аян Өрібай

Қазақстан  халықаралық арбитражда қанша компаниямен соттасып жатыр? Биыл осы бағытта қанша іс тіркелді. Бұл сұрақтарды Ulysmedia.kz тілшісі әділет министрі Азамат Есқараевқа қойды.

Коллаж: ulysmedia.kz.

– Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Қазіргі 26 арбитраж іс бойынша жұмыс жүріп жатыр. Әр істің өз тактикасы бар. Көбіне Қазақстанға қатысты (қарсы) жазылған, Биыл бұл бағытта ондай тіркелген жоқ, – деді Есқараев үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, Стати ісі бойынша жұмыс істеген, экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты қазақстандық компаниямен жұмыс тоқтатылған.