Нұр-Сұлтанда еліміздің барлық өңірлерінен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі жалғасуда. Осы демалыс күндері өз өнімін ұсыну кезегі Солтүстік Қазақстан облысында, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, астанаға Солтүстік Қазақстан облысының барлық 13 өңірінен және Петропавл қаласынан мың тоннадан астам өнім әкелінді.
«Бүгін жәрмеңкені Солтүстік Қазақстан облысы өткізуде. Оған үздік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысуда. Бұл 110-нан астам кәсіпорын. СҚО барлығы 100-ден астам тауар түрін ұсынды. Біз Нұр-Сұлтанға мың тоннадан астам өнім әкелдік. Бағасы нарықтық бағадан 15-20% - ға төмен», - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Жақсылықұлы.
СҚО жәрмеңкесі "Хан Шатыр" СОО жанында 23 және 24 қазанда өтеді. Мұнда барлық санитарлық нормалар сақталады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін аумақта бағыттамалармен қозғалыс бағыты көрсетілген, әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған белгілер бар, турникеттерде қол гигиенасына арналған санитайзерлер орнатылған. Сондай-ақ, келушілерге карантиндік шараларды, соның ішінде маска режимін сақтауды еске салатын баннерлер бар.