Түркияның солтүстік-батысындағы ірі жол апатынан 11 адам қайтыс болып, 50-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
TRT Haber мәліметінше, жол апаты Сакарья ауданындағы Солтүстік Мармара тасжолында болған.
Жеті көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан 11 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алды. Апатқа қалың тұман себеп болған, - делінген мәліметте.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар арасында туристер жоқ деген ақпарат бар.
Ал Түркияның әділет министрі Йылмаз Тундж X әлеуметтік желісінде Скарья прокуратурасы істі тергеуді бастағанын мәлімдеді.