Қазақстанда әуе рейстері штаттық режимде жұмыс істей бастады

Ulysmedia

30-31 желтоқсанға қараған түні Астана әуежайынан ұшақтарды қабылдау және жөнелту қайта басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

30-31 желтоқсанға қараған түні Астана әуежайынан ұшақтарды қабылдау және жөнелту операциялары қайта басталды.

"Ауа райы тұрақталды, қазіргі уақытта әуе айлағы штаттық режимде жұмыс істейді, жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда, оның құрамына ҚР Көлік министрлігінің және Қазақстан астанасына ұшуды жүзеге асыратын барлық авиакомпаниялардың басшылары мен жауапты қызметкерлері кірді", – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

31 желтоқсанда әуежайда 206 рейсті қабылдау және жөнелту күтіліп отыр. (қону – 101, ұшу – 105). Десе де, 39 рейстің кешігуі (қону – 25, ұшу – 14), сондай-ақ 29 рейстің тоқтатылуы (қону – 13, ұшу-16) байқалады.

Алматы әуежайы да штаттық режимде жұмыс істейді. 31 желтоқсанда 181 рейске қызмет көрсету жоспарлануда (қону – 82, ұшу – 99). 38 рейстің кешігуі (қону – 28, ұшу – 10) және 4 рейстің тоқтатылуы (қону – 3, ұшу – 1) байқалады.

Бұған дейін көлік министрлігі Астанадан шыға алмағандарға ұшақ билетінің толық құны қайтарылатынын хабарлаған болатын.