Қазақстан ресейлік мұнай транзитінің тарифін 21%-ке көтерді

Оралхан Қожанов

1 қаңтардан бастап "Қазтрансойл" Түймазы – Омбы – Новосібір-2 (ТОН-2) магистральдік құбыры учаскесі арқылы ресейлік мұнай транзитіне тарифті бір тонна үшін 1000 километрге 9,3 доллардан 11,3 долларға дейін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазТрансОйл" компаниясына сілтеме жасап.

KazTransOil

Осылайша, баға бірден 21,5%-ға өскен. Бұрынғы тариф соңғы рет 2018 жылдың сәуір айында бекітілген екен.

"ТОН-2" магистральдік мұнай құбыры Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы өтеді. Ұзындығы 186,25 шақырымды құрайтын қазақстандық учаске Павлодар мұнай-химия зауытын мұнаймен қамтамасыз етіп, Ресей мұнайын Қытай мен Өзбекстанға транзитпен тасымалдайды.

"ҚазТрансОйл" компаниясының өзі де Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы тасымалдайды. 2023 жылы "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германияға жеткізілім шамамен 1 миллион тоннаны құрады.