Қаржы министрлігі ақтөбелікке 500 мың теңге төлеуге міндеттелді

Ulysmedia

Мемлекет жүргізуші куәлігінен айырылған Ақтөбе тұрғынына жарты миллион теңге төлеуге міндеттелді, деп жазады Ulysmedia.kz "Диапазонға" сілтеме жасап.

ria.ru

Іс материалдарына сәйкес, полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған көлікті тоқтатқан. Ер адам алкогольді тексеруден бас тартқан. Бұл әрекеті үшін сот оған 25 күн қамауға алуды тағайындаған.

Онда тоғыз күн болғаннан кейін жүргізуші оның заңсыз жауапқа тартылғанын ақыры дәлелдеп шықты. Ол бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымданды. Облыстық соттың сот алқасы жүргізушінің зәрді физикалық түрде өткізе алмайтынын анықтады. Ол талдауға оның сілекейін немесе қанын алуды ұсыныпты.

Ер адам заңсыз жауапқа тартылғаны үшін мемлекеттен 2 млн теңге талап етті.

Нәтижесінде сот қаржы министрлігін моральдық залал келтіргені үшін 200 мың теңге және заңгердің қызметі үшін 300 мың теңге төлеуге міндеттеді.