Жапонияда ұшақ апатынан бес адам қаза тапты

Ulysmedia

Жапонияда ұшақ апатынан жағажай күзеті ұшағының 5 экипаж мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

бейнежазбадағы кадр

Токиода жолаушылар лайнері мен көлік ұшағының соқтығысуынан экипаждың бес мүшесі қайтыс болғаны расталды.

Экипаж мүшелерінің біреуі ғана аман қалды, ол ауруханаға жатқызылды.

Airbus A350 мүшелері зардап шекпеген. Бортта болған 400 адамның барлығы құтқарылды.

Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.