Шымкентте соңғы 4 жылда 31 тұлға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар беріп, сыйақыға ие болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оларға бөлінген сомма көлемі 6 млн теңгеден асады.
Ал биыл 3 адамның хабарламасы нақтыланып, оларға 724 мың теңге беріліпті.
Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге көмектескен 361 тұлғаның сыйақысы 6,2 млн теңгені құрады. 21 жылы 12 адамға 2 млн 241 мың теңге, 22 жылы 7 адам. 1 млн 562 мың теңге. Ал 23 жылы 3 адамға көтермелеу сыйақысы бөлінген, – дейді СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев.
Сыйақы иелері бұл қаражатқа сот шешімімен ғана қол жеткізе алатынын атап өткен жөн.