Қазақстан биыл бір айлық машыққа екі есе көп әскери міндеттілерді шақырады

Аян Өрібай

Тиісті бұйрықты Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Әскери міндетті азаматтардың былтыр 1500-і бір айлық әскери машықтан өткен. 2024 жылы олардың саны 3 мың болады. 

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеп, қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын», - делінген бұйрықта.

Жұмысты атқару міндеті қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – бас штаб бастығына жүктелген.