Қазақстанда ұялы байланыс операторларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

Ulysmedia

Ұялы байланыс операторларына сапасыз байланыс қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы 782 тексеру жүргізілгенін және 3 млрд 288 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын хабарлады.

Кім және қанша төледі

Заңнамада көзделген жеңілдіктерді ескере отырып мобильді операторлар 1 млрд 644 млн теңге төлеген:

Tele2 – 751,4 млн теңге;

Kcell – 563,2 млн теңге;

Beeline – 329,4 млн теңге.

Естеріңізге салсақ, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынған болатын.

Бұған дейін Мусин Қазақстан не себепті +997 телефон кодынан бас тартқанын айтқан еді.