Эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге өнер көрсеткен жерлесіміз жылдың алғашқы Үлкен Дулыға турнирінде Нуно Боргес (Португалия)/Александр Вукич (Аустралия) жұбынан 3:6, 7:6, 6:7 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үшінші шешуші сеттің соңында спортшылар супер тай-брейк ойнады (7:10).
Бүгін Australian Open турнирінің үшінші күні. Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Орталық Род Лейвер аренасында өзінің алғашқы матчын өткізеді. Қарсыласы чех қызы, тәжірибелі Каролина Плишкова. Спортшылар осыған дейін өзара үш рет хард төсенішінде кездесіп, үшеуінде де Рыбакина жеңген.
Матчтың басталуы: сағ.14:00 (Астана уақыты).
Естеріңізге салсақ, турнирдің жалпы сыйақы қоры 86,5 млн Аустралия долларын құрайды. Былтырға қарағанда 13 пайызға артқан.
Жекелей сында жеңімпаздардың әрқайсысы 3,15 млн доллардан қалталарына салады. Финалист 1,7 млн ұтса, жартылай финалға шыққандар 990 мың доллардан алады. Турнирдің бірінші айналымында жеңілген спортшылар бос қайтпайды. Олардың әрқайсысына 120 мың доллардан үлестіріледі.
Ерік Ильясов, Мельбурннан.