Агросарапшы Алмасбек Садырбаев азаматтарға шұжықтың орнына қазы жеуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Жақсы шұжық шамамен 6-7 мың теңгеден арзан емес. Ең таза шұжық – қазақтың қазысы. Соя белогы обыр ауруына ықпал етеді. Шұжықты, сосисканы балаларға бермеңіздер. Шұжық қанша тұруы керек? Еттің келісі 2 мың теңге. Содан сүйегін алып тастайды. 50 пайызы сүйегі. Бір келі тартылған ел шығу үшін сен 2 келі сүйек пен етті алуың керек. Сонда қарасаң, тек фарштың құнының өзі 4 мың теңге. Бұған әртүрлі қоспаларын қосасың. Сыртын қаптау, оны істейтін адамы, техникасы, құрылғысы бар. Соның бәрін санағанда жақсы шұжық 6-7 мың теңгеден арзан емес.
Бүгінгі шұжықтардың бәріне аткормда тұрған жақсы етті қолданбайды. Ол жерде ветеринарлы бракты пайдаланады, – дейді Алмасбек Садырбаев.
Қазақтардың ет даярлаудағы ең әйгілі ұлттық ерекшелікке ие тәсілдерінің бірі — қазы аудару. Жылқының ішегін жуып-тазартып, оған бір-бірлеп тілінген әрі түздалған, бұрыш сияқты дәмдендіргіштер қосылған жылқы қабырғасын майымен тығып, содан соң ішектің екі ұшын мықтап байлап арысқа асып кептіреді. Шамамен бір айда қазы мейіздей болып кебеді. Басқа ірі-қараның етінен жасалғаны шұжық деп аталады.
Қазы майдың қалыңдығы 5 сантиметрге дейiн шөгiнделуi нәтижесiнде пайда болады. Бұл бөлiк пiсiрiлген түрiнде де, сүрленген түрiнде де өте құнды боп саналады. Қазыны әзiрлеу үшiн көкiрек қуысының әрбiр жартысынан (бұлшық еттерi бойынша) сүйектiң, қабырғаның тұтастығын бұзбай 6-дан бастап, 17-мен аяқтай отырып кеседi. Қабырғаны омыртқадан ажыратады, жұбымен: алтыншыны жетiншiмен, сегiзiншiнi тоғызыншымен және т.б. кеседi. Әрбiр жұптан iшкi жағынан шеміршектерін алады, қабырғалар арасындағы талшықтарды қабырғалардың омыртқамен қосылған жерiнен бастап олардың шемiршекпен қосылған жерiне дейiн кеседi.