Трамп Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ

Ulysmedia
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп қазір Украинаға алыс қашықтықтағы Tomahawk зымырандарын беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Дональд Трамп 2 қарашада Air Force One ұшағының бортында журналистер сұрағына жауап берді. Ол «Украинаға Tomahawk зымырандарын беру мәселесі қарастырылып жатыр ма?» деген сұраққа «Жоқ, шын мәнінде жоқ» деп жауап берді.

Бұған дейін Пентагон Tomahawk қанатты зымырандарын Украинаға беруді қолдаған. Зымырандардың қажетті мөлшері АҚШ арсеналында барын айтқан. Бірақ соңғы саяси шешімді президент Дональд Трамп қабылдайды.

Қазанда Трмап Tomahawk зымырандарын Киевке бермейтінін, онің АҚШ-тың өзіне қажет екенін айтқан.