IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс жолында бірінші және екінші орынды Қытай (Ли Жинзи — 1:40.803 және Янг Жингру — 1:40.996) спортшылары иеленді. Мәре сызығын 1:41:600 көрсеткішімен үшінші болып Полина Омельчук кесіп өтті.
Осылайша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар.
Еске сала кетейік, шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанған еді.
Айта кетелік, қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді. Канвон ареналарында Қазақстан намысын спорттың бес түрі бойынша (9 дисциплина) 41 спортшы қорғайды. Алғаш болып жарыс жолына биатлоншылар шығады (жекелей сын), сондай-ақ, шорт-трекшілер 1500 мерде бақ сынаса, тұғырдан секіруден Қазақстан командасы да өз өнерін көрсетеді. Хоккейшілер алғашқы іріктеу турнирін Польша құрамасын қарсы өткізеді.