Ғылым министрі еліміздің ғалымдары иіссу шығарғанын мақтанышпен айтты

Ulysmedia

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, бұл толықтай Қазақстанда шығарылатын парфюмерияның алғашқы партиясы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

Брифинг ведомство басшысы Саясат Нұрбек журналистерге толығымен Қазақстанда шығарылған парфюмерияны таныстырды.

«Қазір бізде үлкен желі бар. Толығымен Қазақстанда шығарылатын парфюмерияның алғашқы партиясы. Бұл идеяның қандай кереметі бар? Ол барлық патенттерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Егер сіз көрген болсаңыз, 10 бренд бүкіл әлемді басқарады деген әйгілі мем болды. Ал, шынында да, барлық өнімдердің 99% (тұрмыстық химия, еріткіштер, азық-түлік және т.б.) осы 10 брендпен өндіріледі. Синтетикалық химия бізге осы монополияларды бұзуға және өзіміздің жаңа формулаларымызды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан Қаныш Сәтпаев университетінде ашылған екі зертхана бірден өз өнімдерін шығара бастады. Міне, бізде өз өндірісіміздің алғашқы парфюмериясы бар. Парфюмериядан бөлек тұрмыстық химияның барлық түрін шығаратын үлкен ұжым құрылуда», - деді министр.

Еске салайық, өткен жылдың жазында Қазақстанда «цифрлық алкоголь» ойлап табылғаны туралы хабарланған болатын. «Цифрлық алкоголь» - бұл арнайы дыбыстарды шығаратын құлаққаптар жиынтығы. Оларды бірнеше секунд тыңдасаң, ішімдік ішкен секілді масайтатын көрінеді.

Еске салсақ, белгілі ғалым Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды.