Қазақстан Ғылым академиясы төралқасының құрамы толығымен өзгереді

Аян Өрібай

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жақын арада Қазақстан Ғылым академиясы президиумының құрамы 100% ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, қазір Ғылым академиясының жан-жақты, оның ішінде заңды деңгейде трансформациясы жүріп жатыр.

– Жаңа ережелер дайын. 2-3 аптадан кейін біз жаңа академиктерді сайлау процесін бастаймыз. Қазір Академия қоғамдық ұйым түрінде жұмыс істейді, ол жойылады. Академиктерді іріктеу жағынан жаңа конкурс рәсімі басталады, - деді Нұрбек.

Министр ғылымға үлес қосқан, еңбек сіңірген ғалымдар "құрметті академиктер" мәртебесіне ие болатынын атап өтті.

Жаңа қатаң іріктеу талабы ғалымның жасынан бұрын халықаралық журналдарда, нақты ғылыми жаңалықтар мен жобаларды жасай алуына қарайды.

Ғылым министрлігінің басшысы жас шегі алынып тасталғанын, енді академияға нақты ғалымдар кіретінін, яғни академия төралқасы 100% жаңартылатынын атап өтті.