«Майқайыңалтын» кеніндегі апатты тергеу нәтижесі жарияланды

Ulysmedia

«Майқайыңалтын» компаниясыныуң аумағындағы апат салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ТЖМ

Тергеу нәтижесі

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізген. Осы кезеңде ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері жобалық құжаттаманы зерделеп, тергеуге 4 сараптамалық ұйымды, оның ішінде Ресей сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізген. Сонымен қатар, комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеген.

– Жан-жақты тергеу жүргізе отырып, комиссия жұмыс істеген кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері: жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, Майқайыңалтын АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған, блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған деген қорытындыға келді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос жерлері, құлау ықтималдылығы бар екендігі жүргізілмені анықталды. Нәтижесінде кенеттен құлаған тау массасының салдарынан жазатайым оқиға орын алған.

Комиссия қандай кеңес береді

Тергеу нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шараларды және олардың орындалу мерзімдерін айқындады. Оның ішінде шахта директорының, бас инженердің, бас маркшейдердің, учаскелік маркшейдерлердің лауазымдық нұсқаулықтары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып қайта қаралады.

– Бұдан басқа, тау-кен қазбаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады. Құлауы мүмкін аймақтарды және қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз етуді ескере отырып, автокөлік қозғалысының маршруттары әзірленеді. Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға орын алды. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді, – дейді ТЖМ.

Апат болған жерде авариялық-құтқару жұмыстары оқиға болған сәттен бастап демалыс күндерінсіз, топырақтың геосканизациясы жұмысы мерзімді уақытта жүргізілуде. Тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар.

Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылған. Балқаштан жеткізілген еліміздегі жалғыз құрылғы - америкалық өнеркәсіптік радиолокация автобустың жатқан жерін анықтап берген еді. «Майқайыңалтын» кен орнында бірнеше күн бұрын ішінде төрт адам бар автобус құлап кеткен еді. Екі адамның денесі шығарылған.