«Ол жерде менің әжем тұратын»: Харьковты атқылаудан кейін ресейлік инженер өзін атып тастаған

Ulysmedia

Ресейдегі Харьковта тұрғын үйге зымыран құлап, кейуана қаза тапты. Мұны білген ресейлік зымыран зауытының инженері өзін атып өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ресей Федерациясында «Алмаз-Антей» зымыран зауытының инженері  Антон Горобец Харьковтағы тұрғын үйге зымыран түскені үшін өзін атып өлтірді, - деп жазды ресейлік БАҚ.

Белгілі болғандай, инженер өзіне қол жұмсау алдында хат қалдырған. Жазбасында ол «өзінің қолтаңбасы бар» зымыран екенін жазған. Ал ол үйде оның әжесі тұрған. Ол қаза болды.

Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран Харьковке, әжем тұратын үй аумағына қарай ұшып кетті. Артынша әжем қаза болды. Қазір болып жатқан оқиғалардың бәрі сұмдық, қорқынышты түс сияқты. Мен енді зымыран жасамасам да, әжемді қайтара алмаймын. Мені кешірші, енді мен өмір сүре алмаймын, - делінген жазбада.