Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады

Ulysmedia

Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елдің Ұлттық метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап.

Фото: .japantravel.ru

Жарылғыш сипаттағы жанартау атқылауы Минамидакэ кратерінде болды. Күл мен түтін бағанасы 2020 жылдан бері алғаш рет 5 мың метр биіктікке көтерілді, тастар мен лава қалдықтары 1,3 мың метрге ұшты. 

Тұрғындарға жанартау маңында да, шалғай жерде де күл түсу қаупі ескертіліп жатыр.