Бүгін 10 қалада ауа сапасы нашарлайды

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК 21 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сондай-ақ синоптиктер сәрсенбі күні Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін мәлімдеді. Елдің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.