Шавкаттың АҚШ-тағы дайындығына қанша қаржы кетеді

Оралхан Қожанов

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-де бақ сынайтыны белгілі. Ол әр жекпе-жегі алдында АҚШ-қа аттанып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұған қанша қаражат кететіні жайлы Naiza ұйымы президенті Нұрбек Қарабала айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Шавкат Рахмоновтың әлеуметтік парақшасынан

Он күнге 15 мың доллардай жұмсалады. Бір айлық дайындық үшін 35-40 мың доллар қажет болады. Бұған жол шығыны кірмейді. Оған қоса дәрі-дәрмек, дәрумендер, тамағы мен тұратын орны бар. Шавкат қуыстай бір бөлмелі пәтерде емес, жайлы үйде немесе жақсы қонақүйде тұруы керек, - дейді Қарабала Naiza TV-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шықты. Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 3-орында келеді.