Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Euronews мәліметінше, оны 188 депутат қолдап, алтауы қарсы дауыс берген.
Мен Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы дауыс беруін құптаймын. Енді барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдағанда, Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның мүшелігі бәрімізді күштірек және қауіпсіз етеді, - деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның «Фидес» билеуші партиясы Швецияның Одаққа қосылуына көптен бері кедергі келтірді. Оның өтінішін өткен айда Түркия парламенті ратификациялады.