Алматыдағы оқушы қазасы: Бала психолог көмегіне жүгінген жоқ

Ulysmedia

Алматыда қаза тапқан оқушы психолог көмегіне жүгінген жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.Алматыда қаза тапқан оқушы психолог көмегіне жүгінген жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қаза тапқан болатын. Жеткіншек химия-биология пәндерін тереңдетіп оқытатын Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алған. Оқиға кеше оқудан тыс уақытта болған.

«Бала мектеп психологымен болған әңгімеден кейін өз-өзіне қол салуы мүмкін» деген бейресми ақпарат тараған еді, алайда мектеп өкілдері оны растаған жоқ.

24kz-ның мәліметінше, Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

«Ақпарат дұрыс емес. Ол тіпті психологқа жүгінетін бала емес. Жан-жақты, ақылды бала болатын. Ол жағдайға қалай барғаны біздің өзімізге түснікті емес», - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Жанар Адамбаева.