11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Анадолы жазды.
Швед баспасөзі 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтетінін хабарлап жатыр.
НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріліп, альянстың 32-мүшесі болады.
Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданған болатын.
Швеция НАТО-ға кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш берген еді.