«Слово пацана» сериалының актері Алматыда ақылы кездесу өткізеді

Оралхан Қожанов

«Слово пацана» телехикаясында Мараттың рөлін сомдаған Рузиль Минекаев қазақстандық жанкүйерлерімен ақылы кездесу өткізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Kp.ru ақпарат арнасы мәлімдеді. 

Рузиль Минекаев Қазақстанда фан-кездесу ұйымдастырып, кештің билеттерін сата бастаған.

Онымен кездесіп, тілдесу құны – 5 200 рубль немесе 25 500 теңге шамасында;

Фотоға түсу үшін ұйымдастырушылар 9 800 рубль немесе 48 200 теңге талап еткен.

Басылым дерегінше, Алматыдағы фан-кездесу 3 сағатқа созылады деп жоспарланған.