Тағы да спорттағы жемқорлық: Шымкентте бапкерлер сотталды

Сырым Қаржас

Шымкентет қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушыларына үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Сот үкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. Бас прокуратураның мәліметінше, сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталған.

– Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.