Қаза болған Қазақстан азаматтары синагогаға шабуыл жасауды жоспарлаған деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Ресейдегі лаңкестер тізіміне ФСБ сарбаздарының қолынан қаза тапқан Қазақстан азаматтары Серік Әшіралиев пен Жәнібек Тасқұлаев қосылғаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің арнайы қызметі Мәскеу синагогасына жасалған шабуылда лаңкестік әрекеттің алдын алғаны хабарланған болатын.
Нәтижесінде теракт жасауды жоспарлады деген күдікке ілінген екі Қазақстан азаматы – 35 жастағы Сәбит Әшіралиев пен күш құрылымдарының мәліметінше, биыл 28 ақпанда Ресейге келген 32 жастағы Жәнібек Тасқұлаевтың көзі жойылды.
Кейін ҰҚК қазақстандық азаматтардың қаза болғанын растады.