Суданның 5 миллионға жуық тұрғынына аштық қаупі төнді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, елге гуманитарлық көмек жеткізу мәселесін тезірек шешу керек. Себебі Судандағы құрғақшылық пен қуаңшылық, сондай-ақ қарулы қақтығыс жағдайды одан бетер ушықтырып жатыр.
Ресми мәлімет бойынша аймақтағы тұрақсыздықтан бүгінге дейін 8 миллионнан астам адам көрші елдерге босып кеткен.
Естеріңізге салсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы тым құрығанда Рамазан айында Судандағы атысты тоқтатуға және ораза ұстағандарға мүмкіндік беруге шақырған болатын.