Санжар Тәшкенбай бастаған 4 боксшымыз Белград турнирінде чемпион атанды

Ulysmedia

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич туррирі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Фото: IBA

Қазақстан бокс федерациясыныуң мәліметінше, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.

Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.

Бұл жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.