Алматыда қыз баланы өлтірді деп айыпталған өгей анаға үкім шықты

Сырым Қаржас

Сот өгей қызын өлтірді деген айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Алматы сотында өгей қызын өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекке үкім шықты.

Тергеу нені анықтады

Сотта сотталушы әйел көз жұмған қыздың әкесімен бірге тұрғаны анықталды. Қыз бала дәретке өздігімен отыра алмайтын аурумен ауырған.

Былтыр жазда сотталушы әйел қыздың жағымсыз иісін сезіп, соған ашуланған. Сотта айыпталушы қызды мойнынан ұстап, басынан соға бастағаны, содан кейін оны ваннаға сүйреп апарып, басын ваннаның шетіне соққылаған. Қыз бала дене жарақатынан жедел медициналық көмек келгенге дейін жан тапсырған.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін күдіктінің қоғамға белгілі адам екені хабарланған. 

– Істің бәрі ваннада болған, ұрып-соғып өлтірген. Қыз бала жантүршігерлік қатігездікке ұшырап, аяқ-қолы сынып, басы жарылған. Бояу жақса да денесінің көгергені қайтпаған. Көршілер көмек сұрап айқайлап, баланың жылап жатқанына бірнеше рет шағымданған. Соңғы рет полиция мамыр айында шақырылған. Бірақ Бостандық ауданының учаскелік полиция қызметкері еш шара қабылдамады. Қызды құтқаруға болар еді, - деп жазған еді Не молчи қорынан Дина Таңсәрі.

Дина Таңсәрі қыз баланың анасы небәрі жеті айлық кезінде кетіп қалғанын жазған еді.