Жамаубаев пен Жақсылықов «Даму» қорының директорлар кеңесінен шығарылды

Ulysmedia

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: gov.kz

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жалғыз акционердің 13 наурыздағы шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлаған.

Кеңестен шығарылғандар: Е.К. Жамаубаев, Т.М. Жақсылықов, Е.С. Аушарипов. 

Сайланғандар: Н.С. Байбазаров, Р.Т. Қарағойшин.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесі бес адамнан тұрады:

Н.С. Байбазаров, Е.Л. Бахмутова, Р.А. Баталов, Р.Т. Қарағойшин, Г.А. Бөрібаева.