Қазақстанда 13 қала ауылға айналады

Аян Өрібай

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында ұлттық экономика вице-минситрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Бұл ретте халықтың пікірі ескеріледі. Қала мәртебесі бар, бірақ халқының саны 10 мыңнан аз 13 қала бар. Шар, Қазалы қаласы бар. Жергілікті мәслихатпен сол қалалардың мәртебесі мәселесі шешілетін болады. Дәл осы механизммен Шарда жұмыс атқарылды. 10 мың адамнан аз халқы бар қалаларды ауылға айналдыру мәселесі күн тәртібінде, – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елде 10 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың саны – 112 екенін айтқан еді.