Қырғызстан басшылығына қастандық: Райымбек Матраимовтың қылмыстық топқа қатысы бар

Ulysmedia

Райымбек Матраимовтың Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған Бішкекте ұсталған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Kabar

Kabar.kg сайтының жазуынша, Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жедел ақпаратына сәйкес, іздеуде жүрген Райымбек Матраимов Әзербайжан астанасы Бакуде.

Осыған орай, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпаратына сәйкес, оны ұстау туралы Әзербайжан тарапына хат жолданған. Қазір әзербайжандық әріптестер оны ұстау және одан әрі Қырғызстанға экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

Сонымен бірге жедел іс-шаралар барысында Райымбек Матраимовтың Қырғызстанда ұсталған Әзербайжаннан келген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар екені анықталды, олар Қырғызстан басшылығына қастандық жасауға дайындалған, - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Қырғызстан аумағында Әзербайжаннан келген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері: В.М. Алиев, С.А. Багиров, М.О. Асгаров, М.С. Бехбудов және З.И. Мамедовты ұстаған болатын.

Естеріңізде болса, бұған дейін Бішкекте ел басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын жазған болатынбыз. 

Айта кетейік, кейбір БАҚ-тың жазуынша, Қырғызстан кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовке биыл қаңтарда іздеу жарияланған.