Мысырдағы қонақүйде 40 турист уланып қалды

Ulysmedia

Қызыл теңіздегі курортты қала – Хургадағы төрт жұлдызды қонақ үйде уланған ресейліктердің саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТАСС-тың мәліметінше, прокуратураның бұйрығымен қонақүй санитарлық қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін белгісіз мерзімге жабылды, барлық турист басқа қонақ үйлерге орналастырылды.

«Ауруханаға 40 адам жүгінді, қазіргі уақытта төртеуі ауруханадан шығып, 36 адам ем қабылдауда», - дейді Мысырдың Туристік палаталар федерациясының өкілі.

Барлық науқастың жағдайы бірқалыпты, тұрақты және өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Дипломаттар қонақүйде тек ресейліктер ғана уланған ба, жоқ па – соны анықтайды.

«Прокуратура AMC Royal hotel қонақ үйінде тергеуді бастады, ол «Ат-Таярин» қонақ үйі ретінде де белгілі. Азық-түлік, сусындар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін қонақүйге ірі көлемдегі қаржылық айыппұл ғана емес, лицензияны қайтарып алып, толық жабылу қаупі төніп тұр», - дейді Туристік палаталар федерациясының өкілі.