Елімізде демалыс күндері қар жауып, боран соғады

ЖИ/ Ulysmedia

Демалыс күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі, көктайғақ пен боран болады. Ал дүйсенбіге қарай солтүстік және орталық өңірлерде түнгі аяз 18 градусқа дейін күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, 28-30 қараша аралығында елімізде ауа райы тұрақсыз болады. Жел күшейіп, кей жерлерде боран соғады.

Шығыста қалың қар жауады

30 қараша, дүйсенбі күні ауа райы күрделене түседі. Елдің шығысында қалың қар жауады. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын түседі.

Қай өңірлерде аяз күшейеді

Ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 30 қарашаға қараған түні батыста 5-12 градус аяз болады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде сынап бағаны 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде 7-12 градус, таулы аудандарда 15-20 градус аяз болады. Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Сізге қызық болуы мүмкін