Астанада Қайрат Сатыбалдының тағы бір іс бойынша соты басталды

Сырым Қаржас

Астана сотында бизнесменге және Қайрат Сатыбалдының туысына қатысты іс қарала бастады.

Фото: Ulysmedia.kz

Оған қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бабы бойынша айып тағылған. Сот онлайн форматта өтеді.

Сотталушы алты жылдық жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінен сотқа онлайн режимде қатысып отыр.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 2023 жылдың қыркүйегінде алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ол "Қазақтелеком" мен “Көлік сервис орталығы" компаниясынан аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталған болатын.