Көлік вице-министрінің айтуынша, FlyArystan Air Astana-ның 100 пайыз еншілес компаниясы болып қала береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтан FlyArystan компаниясына пайдаланушы сертификатын беру жайында түсініктеме беруді сұралған.
– Иә, бұл кезеңдердің бірі. Біз жоспарлы түрде жүзеге асыратын осы компанияларды бөлудің негізгі кезеңдерінің бірі. Яғни, кеше ол пайдаланушының жеке сертификатын алды, сәйкесінше ол жеке тәуелсіз компания. Бірақ мен нақтылаймын – бұл компания Air Astana-ның жүз пайыз еншілес компаниясы, - деді Ластаев.
Процес аяқталды
Ластаевтан компания жеке заңды тұлға екендігі тағы сұралған.
– Иә. Лоукостер мәртебесі қалады. Жеке заңды тұлға. Тек заңды тұлға бұрын құрылды, ал қазір пайдаланушы сертификаты алынды, ол авиакомпания деп аталу құқығына ие болды, - деді Ластаев.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana президенті Питер Фостер мен "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің директоры Дастан Адиходжаев "Эйр Астана"құрылымынан FlyArystan лоукостерін бөлуге қатысты әртүрлі көзқарас білдірген болатын.