Астанада Қадыр түні су тасқынынан зардап шеккендерге мешіт алдында гуманитарлық көмек жиналып жатыр

Ulysmedia

Бүгін - Қадір түні. Мың айдан да қайырлы болған Қадір түні биыл сәуірдің 5-нен 6-на қараған түнге сәйкес келіп тұр.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ислам күнтізбесі Айдың толуымен есептелетіндіктен, жыл сайын Рамазан айы Григориан күнтізбесінен он күн ерте басталады. Қадір түні Рамазан айының соңғы онкүндігінде кіреді. Ислам ғұламаларының айтуынша, Қадір түнін тақ күндердің түнінен іздеген абзал. 

Бұл Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешіті. Мешіт сыртының өзінде адам қарасы көп. Барлығы Алла үйіне құлшылыққа асығып бара жатыр. Ұлысмедиа сайтының тілшісі Жанболат Шәкім де жамағат үшін маңызды түнде мешітке арнайы барды.

Әзірет Сұлтан мешітіне жиналған жамағат арасында қоғамда айтар ойы бар, зиялы қауым өкілдері де жолығып қалып жатыр. Соның бірі - ақын, журналист Асантемір Қаршығаұлы. Ол Астанаға жақында Атырау шаһарына көшіп келген. Қадір түнін алғаш рет бас қалада өткізгелі отыр. 

– Қасиетті Қадыр түнін алғаш рет Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде қарсы алғалы тұрмын. Осы Қадыр түні құлшылық қылған барлық жамағатқа қабыл болсын деймін. Елде болып жатқан тосын жағдайларға байланысты елді көмек қолын созуға шақырамын, – дейді ол.

Рамазан - қайырымдылық айы. Мешіт алдында гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Ол еліміздің батыс өңірінде қарғын судан зардап шеккен отандастарымызға жеткізіледі. Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, гуманитарлық көмек Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Тарғын судан зардап шегіп, баспанасыз қалған, уақытша баспанаға жайғасқан тұрғындарына таратылады.